Ресей соты Каспий құбыр консорциумының жұмысын тоқтату туралы шешімді өзгертті. Краснодар өлкелік соты Новороссийск қаласының Приморск аудандық сотының шешіміне қатысты шағымды қарап, аудандық соттың шешімін концорциумға 200 000 рубль мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға алмастырды. Шешім заңды күшіне енді, деп хабарлады Краснодар өлкесі соттарының бірлескен баспасөз қызметі. Еске салайық, бұған дейін Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты Каспий құбыр консорциумының қызметін 30 күнге тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Өз кезегінде Консорциум уақытша шектеуге қатысты аппеляциялық сотқа жүгінді.