Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге
асыру басталды. Бейінді министрлік бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың
тапсырмаларының бір бөлігі екенін айтады. Премьер-министр бекіткен кешенді
жоспар 100 негізгі іс-шараны қамтиды. Адам капиталын дамытудан бастап жаңа
цифрлық экономиканы қалыптастыруға дейінгі 8 негізгі бағыт қамтылады. Басты
жоспар «Digital Qazaqstan» стратегиясы құжаты, сондай-ақ отандық
IT-компанияларды қолдау үшін заңнамалық және салықтық бастамалар топтамасына
негізделген. AI-SANA бастамасын кеңейтуге ерекше назар аударылады. Бұл бағдарламамен
кемінде 450 мың оқушы, студент және педагог AI бойынша білім алады. Электрондық
үкімет порталындағы және өзге де цифрлық қызметтердің сапасы кемінде 75%-ке
өседі деп күтілуде.
Әсем Исабекова, Ұлттық ақпараттық технологиялар сыртқы коммуникациялар
бағытының жетекшісі:
– Электронды үкіметке жасанды интеллект технологияларын енгізу азаматтарға
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бастысы сапасын жақсартуға бағытталған. Мемлекеттік
органдардың жұмысын жеңілдетуге, артық қағазбастылықты азайтуға және
азаматтарға қазақ тілінде жылдам әрі ыңғайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект eGov.kz порталына,
eGov Mobile қосымшасына және е-Өтініш сияқты негізгі электрондық сервистерге
енгізілді. Алдағы уақытта Alem GPT мемлекеттік
қызметтерді алу үшін біріңғай кіру нүктесі болатын платформасын енгізу
жоспарланған.

