Қазақстанда 1 млн адам жасанды интеллект дағдыларын меңгереді

Қазақстанда 1 млн адам жасанды интеллект дағдыларын меңгереді

Бір млн қазақстандық жасанды интеллектінің қыр-сырын меңгереді. Еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 5 жыл бойы жоғары білікті мамандар даярлауға ден қояды. Бүгінде елімізде осы саланы дамыту үшін институционалдық және құқықтық база жасақталуда. Осылайша, Ұлттық стратегия әзірленеді. Қазір «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы Парламент қарауында жатыр. Сондай-ақ, сарапшылардың пікірінше, елордада халықаралық жасанды интеллект орталығын құру нейрожелілерді дамытуға өз үлесін қосады. Ол отандық стартаптар мен ғылыми қауымдастық, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторды, зертханалар және халықаралық сарапшыларды біріктіретін бірегей алаңға айналады. 8 қабатты орталықта оқушыларға арналған білім беру мекемелері, ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған зертханалар, ахуалдық орталық, сондай-ақ форумдар мен хакатондар өткізуге жағдайлар жасалатын болады.   

Ғиззат Байтұрсынов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің комитет төрағасы: 

- Бұл бәсекеге қабілетті жасанды интеллект-кадрларды даярлау. Яғни студенттер оқытушыларсыз білім алатын шетелдік бағдарлама. 6-шы қабат бұл AI кампусы. Жасанды интеллект стартаптарын қолдау, акселерациялық, инкубациялық бағдарламалар осында болады. Венчурлық қорлардың өкілдерін орналастыруды да жоспарлап отырмыз. Бұл стартаптарды бірден қаржыландыруға мүмкіндік береді. 7-ші қабатта R&D-орталықтар болады. Бұл – жасанды интеллект зертханалары. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?