Қазақстан заманауи газ өңдеу өнеркәсібін құрады

Қазақстан заманауи газ өңдеу өнеркәсібін құрады

Қазақстанда екі бірдей газ өңдеу зауыты, жаңа компрессорлық станса және «Қостанай-Ақтөбе» магистралды газ құбыры мен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісі салынады. Бұл жобалар Катар мемлекетімен әріптестік аясында жүзеге асырылып жатқанын айта кету керек. Нәтижесінде еліміздің экспорт көлемін сақтау және энергетикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етілмек. Бұл жөнінде Қазақстанның Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен энергетикалық кеңес отырысында  айтылды. Жиында мәміленің негізгі шарттары бекітілді. Энергетика министрлігі мен QazaqGaz мәліметтеріне сәйкес, биыл Қазақстанда газ өндіру көлемі 60 млрд текшеметр, ал тауарлық көгілдір отын 28 млрд текшеметрге дейін өсім көрсетеді деп күтілуде.