Конституциялық реформа саяси жаңғырудың негізі

Конституциялық реформа саяси жаңғырудың негізі

Енді Қазақстанның халықаралық міндеттемелері алдын-ала конституциялық сараптамадан өткізілуі мүмкін. Жаңа Конституция жобасында Конституциялық сотқа халықаралық шарттарды ратификациялауға дейін олардың негізгі заңға сәйкестігін бағалау құқығын беру көзделген. Бұл ретте халықаралық құжаттар өз күшін сақтайды, алайда қайшылық туындаған жағдайда Конституция нормаларына басымдық беріледі. Депутаттардың пікірінше, бұл мемлекеттің егемендігін нығайтып, құқықтық айқындықты қамтамасыз етеді.

Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қолымыздағы Конституцияда Қазақстан Республикасында ратификацияланған Халықаралық шарттардың нормаларына басымдық беріледі деп жазылып тұр. Енді біз жаңа Конституцияның жобасында Қазақстан Республикасының  Конституциясы, заңдарында көрсетілген нормалармен қатар, ратификацияланған халықаралық шарт нормалары құқықтың қайнар көзі болып табылады. Ол құқықтың негізіне жатады.  

Реформа халықаралық бағытпен шектелмейді, ол тұтас жаңа саяси жүйе құрылымын қамтыған. Жаңа Конституция жобасында бір палаталы парламентке көшу, сондай-ақ Президент пен жоғары лауазымды тұлғаларға бір реттік өкілеттілік мерзімін белгілеу ұсынылған. Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам заң шығаруды жеделдетіп, мемлекеттік институттар тұрақтылығын арттырады.  

Марат Шибутов, Саясаттанушы:

- Егер Халық кеңесі туралы айтатын болсақ, онда кәсіби өкілдіктерді де қамту мүмкіндігі бар, олар қоғамдық бірлестіктер түрінде енеді. Меніңше, кәсіподақтардың көбі, түрлі шығармашылық одақтар қамтылады. Сондай-ақ салалық өкілдік те ене алады. Яғни, Қазақстан халқының түрлі әлеуметтік топтары өкілдігін қамтамасыз ету тиісті деңгейде жүзеге асады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?