Түркітілдес
мемлекеттер арасында Қазақстан жаңа рекорд орнатты. Абай облысында 4-15 жас
аралығындағы 500 бала алғаш рет «Ашамайға отыру» дәстүріне қатысты. Бұл
жетістіктің нәтижесі - Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, дайындық екі айға созылды, балаларға қауіпсіздік
ережелерін ескере отырып, атқа міну талаптары мен ережесі оқытылды.
Анар Садыбекова, мектеп дирекорторы:
– Бұл идеяны іске асыру барысында ата-аналармен, ауыл
әкімдерімен бірлескен жұмыстар жүргізілді. Осы дәстүрді жаңғырта отырып,
балалардың интернетке, әлеуметтік желіге деген тәуелдіктерін төмендету мақсаттары да
орындалады деген сенімдемін.