Қазақстан Президенті Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады

Қазақстанның мәдениетін шетелде дәріптеу. Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрлігінің алдына осындай міндет қойды. Президент қабылдауында болған Аида Балаеваға Мемлекет басшысы мәдени және тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамыту, шығармашылықты қолдау секілді бірқатар нақты міндет жүктеді. Бұдан бөлек, бейінді ведомство алдына креативті индустрияны институционалдық тұрғыда қолдау, сонымен қатар аталған саланы жедел дамыту жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі: 

 – Бүгін мемлекет басшысының алдында Мәдениет және ақпарат министрілігінің атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндадым.  Ол ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қарым-қатынас, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларындағы министрліктің қызметін барлық бағыттарына қатысты мәселелер кеңінен талқыланды. Министрліктің атқарған жұмыстары мен алдағы уақыттағы жоспарлары жөнінде де айтып кеттім. Яғни, ол ұйымдастырушылық және заңнамалық жұмыстарға, сондай-ақ біз жетекшілік ететін салаларда дамытуға қатысты тоқталып өттік. Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар берді, алдағы уақытта біздің министрлік осы тапсырмаларды белсенді жүзеге асыратын болады.