Қазақстандықтарды Таяу Шығыс елдерінен эвакуациялау жалғасып жатыр

Қазақстандықтарды Таяу Шығыс елдерінен эвакуациялау жалғасып жатыр

Таяу шығыстағы ахуалға байланысты қазақстандықтарды елге эвакуациялау жалғасуда. Сауд Арабиясының Мекке, Медина, Джиддақалаларынан 600-ден аса қажылыққа кеткен отандастарымыз 4 чартерлік рейспен елге жеткізілді. Ұшақтардың үшеуі Атырауға, біреуі Ақтауға қонды.  Сондай-ақ, БАӘ мен Оманнан Маскат – Алматы бағытындағы рейспен Қазақстанға 314 адам оралды. Сыртқы істер министрлігі, көлік министрлігі мен әуе компаниялары азаматтарды елге қайтару жұмысын жалғастырады. Елдің Сыртқы істер ведомствасының хабарлауынша, ұшақтан бөлек, жерлестеріміз құрлық арқылы да елге оралып жатыр. Атап айтқанда, Қазақстанның Тегеран, Ашхабад және Горгандағы дипломатиялық өкілдіктері Иран-Түрікменстан, Иран-Армения шекарасы арқылы қазақстандықтардың шығуына жәрдем көрсетті. Жалпы бүгінде Таяу Шығыстан 1200-ден астам елазаматы отанына оралды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?