Қазақстан үш халықаралық банктен $1,3 млрд тартады

Қазақстан үш халықаралық банктен $1,3 млрд тартады

Қазақстан өзінің экономикалық белсенділігін нығайту үшін үш халықаралық қаржы институтынан 1 млрд 300 млн доллар көлемінде қаражат тартпақ. Біздің елге бұл қарыздарды жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуге Азия даму банкі, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі және Халықаралық қайта құру және даму банкі мүдделік танытқан. Ел Мәжілісінің депутаттары тиісті келісімдерді қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді. Қазақстанның салалық министрлігі халықаралық қаржы ұйымдарынан қаражат алу қалыпты тәжірибе екенін алға тартады. Бұл алдымен мемлекеттік іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. Атап айтсақ, қаражат отандық көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіп, білім беру және басқа да басым бағыттарды жетілдіруге жұмсалады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?