Қазақстан атом электр стансасын салу үшін АҚШ технологиясын қарастырмайды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифинг барысында еліміздің Энергетика министрі мәлімдеді. Болат Ақшолақовтың айтуынша, қазіргі таңда станцияны салуға бірнеше нұсқа қаралып, қауіпсіздік және сесмикалық зерттеу жүргізіліп жатыр. Бастысы құрылыс алаңы айқындалды ол – Балқаш қаласындағы Үлкен елді мекені.
Болат Ақшолақов, ҚР энергетика министр:
– Бұған дейін лайықты технология таңдау процесі жүріп жатқанын айтқан едік. Әзірше қандай да бір технологияны таңдап алған жоқпыз. Түркия, Франция, Оңтүстік Кореяға, сондай-ақ өткен жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне іс сапармен барып келдік. Енді жоспарда венгр нысандары бар. Бұл жерде айта кету керек, барлық станса әртүрлі технологиямен салынған. Таңдау жасалмады, себебі аталған елдердегі технологиялардың барлық оң және теріс жақтарын саралау қажет.
Сондайақ министр, елімізде Атом электр стансасы салынғаннан кейін онда жұмыс істейтін тәжірибелі мамандардың жоғын айтты. Оның айтуынша, олар ядролық физикаға қатысты салалық білімге ие қызметкерлер болуы тиіс. Сондықтан белгілі бір кезеңге дейін шетелдік мамандардың көмегіне жүгінуге тура келеді.
Болат Ақшолақов, ҚР энергетика министр:
– АЭС – бұл сатып алып, үйге, кез келген жерге орната салатын қарапайым жабдық емес. Оны тек салып қоймай, жабдықты пайдалану - жұмыстың маңызды кезеңдерінің бірі саналады. Қауіпсіз пайдалану – бұл ең алдымен кадрға байланысты. Өкінішке орай, Қазақстанда мұндай атом стансасы болмағандықтан жеткілікті дайындығы бар кадрлар жоқ. Ал біз жоспарлап отырған екі бөшкелі бір стансаны пайдалану үшін шамамен 2 мың тұрақты кадр қажет.