Қазақстан Ислам даму банкімен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, атап айтқанда ынтымақтастық инфрақұрылым, азық-түлік және су қауіпсіздігі саласында орнатылмақ. Қаржы институты біздің елмен өзара тиімді әріптестікті нығайтуға дайын. Айта кету керек, өзара іс-қимыл жылдарында Ислам даму банкі Қазақстандағы экономиканың басым секторлары мен әлеуметтік жобаларына бір жарым миллиард доллардан астам инвестиция салған.