Қазақстан уран жеткізу географиясын кеңейтеді

Қазақстан уран жеткізу географиясын кеңейтеді

Қазақстан Президенті «Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасын қабылдады. Мейіржан Юсупов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания қызметінің былтырғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады. Былтыр холдинг 26 мың тоннаға жуық уран өндірген. Сауда-саттық көлемі 11%  өсіп, 18,5 мың тонна болды. Компания жаңа өткізу нарықтарына қатысуды кеңейтіп келеді. Былтыр швейцариялық және жапон компанияларымен уран жеткізу жөнінде келісімшарттар жасалды. Қазіргі уақытта Үндістанға табиғи уран концентраттарын жеткізу бойынша ұзақмерзімді келісімшарт жасау жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Кездесу соңында Мемлекет басшысы ресурстық базаны одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және әлеуметтік бастамаларды іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мейіржан Юсупов, «Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы:

- Уранға сұраныстың тұрақты өсуі болжануда. Осыған байланысты шикізаттық базаны ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жалпы аумағы 1 мың шаршы шақырымнан асатын алты учаскеде жұмыстар атқарылуда. Бұдан бөлек, іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалар, сирек металдар бағыты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және ғылыми зерттеу қызметі туралы баяндадым. Геосаяси тұрақсыздық жағдайында компания барлық міндеттемелерін орындап, келісімшарт тараптарына толық сәйкес бүкіл әлем бойынша уран жеткізілімінің үздіксіздігін қамтамасыз етуде.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?