Қазақстан мен Түркияның бірлескен жобалар пулының құны 9,5 млрд доларды құрайды

Қазақстан мен Түркияның бірлескен жобалар пулының құны 9,5 млрд доларды құрайды

Бүгінде Қазақстан мен Түркияның бірлескен жобалар пулының жалпы құны 9,5 млрд доларды құрайды. Ол түрлі бағыттағы 170-тен астам инвестициялық жобаны қамтиды. Оларды жүзеге асыру барысы Астанада екі елдің іскер топтарының өзара іс-қимылы мәселелері бойынша дөңгелек үстел аясында талқыланды. Жиынға еліміздің Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Түркия Вице-президенті Джевдет Йылмаз қатысты. Сондай-ақ түрлі салалардағы жетекші отандық және түрік компанияларының өкілдері бас қосты. Түрік инвесторлары елімізде кеме құрастыратын зауыт салмақ. Сонымен қатар ел аумағында жылу электр орталығы, глютен және крахмал шығару кәсіпорны, фармацевтикалық және логистикалық бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Қазақстандық тарап жаңа жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Түрік бизнесі инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстарға жоғары баға берді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Соңғы 20 жылдан астам уақыт ішінде түрік инвесторлары біздің экономикамызға 6 млрд доллардан астам инвестиция құйды. Бұл ретте Қазақстаннан түрік Республикасына салынған инвестициялардың жалпы ағыны 2,4 млрд долларға жетті. Қазіргі таңда елімізде түрік капиталының қатысуымен 5 мыңнан аса кәсіпорын тіркеліп, бірлескен күш-жігердің арқасында мыңдаған жұмыс орындары ашылды.  Бұл көрсеткіш түрік бизнесінің бізге деген жоғары сенімін білдіреді. 

Джевдет Йылмаз, Түркия Вице-президенті:

- Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен айтарлықтай жетістіктерге жетті. Жүргізілген конституциялық реформалар елдің саяси тұрақтылығы мен институционалдық жүйесін нығайтты. Біз Қазақстандағы реформалар мен қайта құруларды жоғары бағалаймыз және бауырлас елді қол жеткізген нәтижелерімен құттықтаймыз. Қазақстан экономикасы айтарлықтай өсімге қол жеткізді – былтыр ЖІӨ 300 млрд доллардан асты. Бұл көрсеткіш әлі де өсетініне сенімдіміз.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?