Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан өтетін энергия ресурстарына бақылау
күшейтіледі. Бұл негізінен құбыржол көлігімен және қуат көздерінің желілері
арқылы жүретін тасымалға қатысты болмақ. Мәжілісмендер осыны көздейтін келісімді
қабылдады. Тиісті құжатқа 2021 жылы елордада қол қойылған. Енді қос елдің сала
мамандары бұл іске бірлесе кіріседі. Яғни, тараптардың кеден органдары
балансындағы есепке алу құрылғыларының көрсеткіштері ай сайын тексеріліп,
кедендік сәйкесттігі ескеріледі. Мақсат - осындай бақылаулардың тиімділігін
арттыру.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР қаржы министрі:
-Бұдан басқа келісімде энергия ресурстарын кедендік декларациялау және
кедендік бақылау мәселелерінде тәжірибе туралы, анықталған фактілер және мемлекеттердің
кеден істер саласында ұлттық заңнамадағы бұзушылықтың анықталған фактілері мен
оларды анықтау тәсілдері мен жолын кесу туралы ақпаратпен алмасу қарастырылған.
Осы келісімді ратификациялау еліміз үшін әлеуметтік-экономикалық және құқықтық
жағынан теріс салдарға әкеп соқтырмайды және республикалық бюджеттен қосымша
қаражат бөлуді талап етпейді.