Астанада 14-ші Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі өтіп жатыр

Астанада 14-ші  Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі өтіп жатыр

Астанада 14-ші Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі өтіп жатыр. Бұл - Орталық Азиядағы осы салаға қатысты айтулы жиын. Биыл оған 20 мемлекеттен 1300 делегат қатысып жатыр. Форумның басты тақырыбы - «Металлдар дәуірі – мәселелері мен шешімі». Сарапшылардың айтуынша, бұл Қазақстанның жаңа мұнай атанып кеткен және ел экономикасының тың тетігіне айналған сирек кездесетін металлдарды өндіру мен өңдеудегі болашақ әлеуетін көрсетеді.

 

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

-Тау-кен индустриясы қазір де экономиканың негізгі саласы болып табылады және жаңа кезеңде де сұраныс өзгерсе нарыққа бейімделе отыра, сол қалпынан айнымайды. Қазақстан бұған толығымен дайын. Біздің жаһандық нарықта өз орынымыз бар және жеткізілім бойынша әлеуетімізді кеңейте береміз деп ойлаймын.