Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, биыл экспорттық әлеуеті жоғары 110 отандық компания іріктеледі. Нәтижесінде, жергілікті бизнес өкілдеріне халықаралық сауда алаңдары арқылы жаңа нарықтарды игеруде тегін көмек беріледі. 2023 жылы Қазақстанда шығарылған тауарлар үшін басым елдердің тізбесі айтарлықтай кеңейді. Енді отандық өндірушілер Ресей, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан сияқты дәстүрлі мемлекеттермен қатар Түркия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Вьетнам сынды аса тиімді нарықтарға төл өнімдерін ұсына алады.
Айта кетейік, былтыр дәл осы бағдарламаға қатысушылар 700 млн доллардың тауарлары мен қызметтерді жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасты. Олардың өнімдері бүгінде Ресей, Қытай және Орталық Азия, Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына сәтті экспортталуда.