Қазақстанда ТМД ең ірі жел электр станциясы салынады

Қазақстанда ТМД ең ірі жел электр станциясы салынады

Қазақстанда ТМД-дағы ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды. Оның қуаты энергия жинақтау жүйесімен қоса санағанда 1 ГВт-ты құрайды. Инвестицияның жалпы көлемі - 1 млрд доллардан астам. Жобаны отандық компания қытайлық серіктестерімен бірлесіп жүзеге асыруда. Павлодар облысында уақыт капсуласын салу салтанатты рәсімі өтті. Нысан құрылысы басталған учаскені ғалымдар алдын ала зерттеген. Зерттеу нәтижелері бойынша бұл аумақта жылына 270 күнге дейін жел соғады. Станцияны іске қосу 2029 жылға жоспарланған. Айта кетейік, өңір елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының 40%-ін қамтамасыз етеді. Мұнда Қазақстанның ірі өндіруші қуаттары, соның ішінде стратегиялық - Екібастұз энергетикалық торабы шоғырланған.


Қайрат Мақсұтов, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы:


- Жоба шеңберінде экологиялық таза энергия генерациясымен қатар, халықты үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету әрі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін энергияны сақтау жүйесін жасақтау жоспарланған.


Асаин Байханов, Павлодар облысының әкімі:

- Әр қондырғы 8 мегаваттан болады. Жүзден астам жел құрылғысы орнатылады. Жел және күн энергиясы бойынша іске асырылатын басқа жобалардан айырмащшылығы бұл жерде жинақтауыш құрылғы болады. Ол қуат теңгерімін қамтамасыз етеді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?