Қазақстанның ЖІӨ 2021 жылы 3,2% өседі. Мұндай болжамды Дүниежүзілік банк жасады. Халықаралық сарапшылар мұны республикаға шетелдік капиталды тартумен байланыстырып отыр.
Олардың пікірінше, инвесторлардың көпшілігі макроэкономикалық тұрақтылық, ірі ішкі нарық, пайдалы қазбалардың қолжетімділігі және өзге де факторларға назар аударады. Жалпы алғанда, өзге Орталық Азия елдерімен салыстырғанда, Қазақстан тартылған инвестициялар бойынша көшбасшы болып қала береді. 2020 жылы біздің елімізде шетелдіктердің қатысуымен жалпы құны 1,6 млрд долларға 41 инвестициялық жоба пайдалануға берілді.