Алматыда қойма нысандарының саны екі есе артады

Алматыда қойма нысандарының саны екі есе артады

Алматы қаласы логистикалық орталыққа айналып келеді. Мегаполисте жүк қоймаларының құрылысы белсенді жүргізіліп жатыр. 2027 жылда олардың саны екі есе артады деген болжам бар. Бұл – Bright Rich CORFAC International сарапшыларының есептеуінен туған болжам. Биылдың соңына дейін-ақ 105 мың шаршы метр қойма нысандары пайдалануға беріледі. Бұл былтырдың қорытындыларымен салыстырғанда 75%-ға көп. Ал 2025 жылы жаңа қойма алаңдарының эксплуатация көрсеткіші 285 мың шаршы метрге дейін жетіп, 2024 жылдың көрсеткіштерінен екі есе асып түседі. Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша 2024-2027 жылдар аралығындағы болжам бойынша 700 мың шаршы метр қойма нысандары бой көтереді. 

Сарапшылардың есептеуінше, мегаполисте қазіргі уақытта 760 мың шаршы метр алаң бар. Ал, жаппай құрылыс осы көрсеткішті еселендіреді.