Қазақстанның шалғайдағы су басқан аймақтарына
гуманитарлық көмек енді дрондармен жеткізіледі. Осы мақсатта АҚШ-тан 3 ұшқышсыз
ұшу аппараттары арнайы әкелінді. Олар 40 кг жүкті арқалап, күніне 100 рет
ұшып-қона алады. Атырауға келген шетелдік мамандар еліміздің Төтенше жағдай
Министрлігінің қызметкерлерімен бірлесе азық-түлік, дәрі-дәрмек пен өзге де аса
қажет заттарды шұғыл жөнелтуге әзірленіп жатыр. Айта кетейік, дрондарды
пайдалану төтенше жағдай мамандарының және еріктілердің өміріне қауіпті азайтуға мүмкіндік береді.