Қазақстан ТМД аумағында радиоактивті материалдарды тасымалдауды бақылауды күшейтеді

Қазақстан ТМД аумағында радиоактивті материалдарды тасымалдауды бақылауды күшейтеді

ТМД елдерінің радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау үрдісі оңтайландырылады. Қазақстан Мәжілісі оны реттеп, жүйелейтін заңды қабылдады. Бұл келісім рұқсат құжаттарын өзара тануды және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдерін құруға бағытталған. Жаңа ережелер радиоактивті материалдарды мемлекеттік шекаралардан өткізу кезінде негізсіз кідірістерді болдырмайды. Бақылау жүйесін жетілдіріп, қауіпті заттарды заңсыз тасымалдаудың жолын кесуге ықпал етеді. Алмасадам Сәтқалиев атап өткендей, заң жобасы Қазақстанның атом саласы тұрақты өсім көрсетіп, әлемдік деңгейдегі рөлін нығайтып отырған кезеңде қаралуда. Былтыр еліміз 23 мың тоннадан астам уран өндірді. 2023 жылмен салыстырғанда 10% артық. Қазақстан осы бағытта маңызды транзиттік торапқа айналып келеді.  

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы:

- Мемлекет басшысы атом энергетикасы мен ядролық технологияларды дамыту энергетикалық қауіпсіздікті, ғылыми-техникалық прогресті және елдің атомды бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық міндеттемелерін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Осы тұрғыда Қазақстан жоғары халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін заманауи нормативтік-құқықтық базаны кешенді түрде қалыптастыруда. Бұл осы Келісімді ратификациялаудың өзектілігін көрсетеді.

Алматы облысында екінші АЭС салынады

Ведомство басшысы атап өткендей, елдегі екінші атом станциясын салу үшін әлеуетті алаң анықталған. Ол нысан да Алматы өңірінің Жамбыл ауданында орналаспақ. Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, мұндай таңдау оңтүстіктегі энергетикалық тапшылыққа байланысты. Желі істен шыққан немесе жүктеме болған кезде қуат тарату үшін қауіп төнеді. Сондықтан бірден екі АЭС құрылысы - стратегиялық шешім. Бұл елдің энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, транзитке тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы:

- Біз байқаудың барлық қатысушыларымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Яғни, Қытай Халық Республикасының CNNC компаниясына қатысты әлі түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Мердігердің жұмысы, техникалық мүмкіндіктері жан-жақты сараланады, ел азаматтарының осыған қатысты пікірлері шешім қабылдау кезінде барынша ескерілетін болады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?