Петропавлда көне ғимараттар жаңғыртылып жатыр. Халық арасында «Қалыңдық үйі» деп аталып кеткен нысанның бір ғасырдан астам тарихы бар. Кезінде көпес Хамит Янгуразовқа тиесілі болған үй модерн стилінде салынған. Алайда, сәулетші Янгузаровтың өтінішімен адамның бет-бейнесі орнына гүлдер салынған. Осылайша, бұл ғимарат өз алдына сәулетімен ерекшеленеді, сондай-ақ эклектиканы — Ислам және Еуропа мәдениетінің тоғысқанын көруге болады. Ғимарат қанша жыл бос тұрса да бірегейлігі бірнеше қабат бояудың астында жақсы сақталған. Бір қызығы — әр бөлме бір-біріне ұқсамайды, ондағы жазбаларға қарап, бөлменің қандай қызмет атқарғанын білуге болады. Сонымен қатар тағы бір ерекшелігі үйдің безендірілуінде ақ түстің мүлде қолданылмағанында.
Ринат Кутдусов, Қазақ материалдық мәдениет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының жетекшісі:
- Реставрациялық жұмыс барысында біз керемет сақталған альфрейлі жазбаны таптық. Үйдің төбесі, қабырғалары осы жазбамен безендірілген екен. Бір ерекшелігі — мұндай жазбалар еліміз бойынша қазір еш жерде сақталмаған шығар. Мұнда біздің көзіміз үйренген ақ төбе болмаған. Қабырға-төбедегі жазбалардың түстері де ерекшеленеді. Ал ғимараттың сыртын тазарту барысында біз оның алғашқы түсін табуды мақсат еттік. негізінен охра түстер, жасыл түс қолданылғанын көрдік. 03,27
Сергей Копылов, Реставрация саласының маманы:
- Мына розетка Ригадан алдырылған. Артында 20-шы ғасырда жасалғанын растайтын мөрі қойылған. Мұнда интерьерге қолданылған барлық элементтер құнды.

