«Ақордада» мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президентін қарсы алу рәсімі өтті

«Ақордада» мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президентін қарсы алу рәсімі өтті

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль шағын құрамда келіссөз жүргізді