Қазақстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Бүгін Қазақстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екіжақты ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін талқылап, биыл қарым-қатынас мазмұнды әрі нәтижелі болғанын атап өтті. Негізгі жетістіктердің бірі ретінде екі елдің байланысы жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткенін айтуға болады. Бұл мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды кезеңіне айналды. Қасым-Жомарт Тоқаев Украина қақтығысын реттеу бойынша келіссөз процесінің ілгерілеуін құптап, саяси-дипломатиялық тәсілдерді жалғастыру қажет екеніне тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Ресей Президентінің мемлекеттік резиденциясына шабуыл жасау әрекеттерін айыптайтынын жеткізді. Әңгімелесу соңында мемлекеттер басшылары бір бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, қос халыққа бақ-береке тіледі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?