Қазақстан Президенті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

Қазақстан Президенті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

Қазақстан Президенті Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды. Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты. Мемлекет басшысына инновациялық өнімдер орталығы және Farabi Hub-тың жоғары технологиялық жобалары көрсетілді. Хаб бүгінге дейін 20 млн доллардан астам инвестиция тартқан. Оның базасында креативті индустрия, жасанды интеллект пен стартаптар әзірленеді. Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 1 млрд 250 млн теңгені құрайтын төрт ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, қытайлық университетпен бірлесе микроспутник және түрлі зерттеулер жүргізуге арналған жерсерік әзірленуде. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа университет базасында орналасқан суперкомпьютер кластерінің жұмысымен таныстыі. Оны құруға 23 млн доллар инвестиция тартылған. Кластер күрделі есептеулерді орындау мерзімін айтарлықтай қысқартып, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттырады. Сондай-ақ ІТ және жасанды интеллект саласында мамандар даярлауға кеңінен жол ашады.

Кейін Мемлекет басшысы ЖОО-ның ғылыми қоғамдастығымен кездесті. Өз сөзінде Президент жаңа Конституцияда адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде бекіттілгенін атап өтті. Ол осы орайда ғылыми әлеуетті арттырудың маңызына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жалпы, соңғы уақытта бұл салада ауқымды шаруа атқарылды, әлі де көп жұмыс істеуіміз керек. Кейінгі бес жылда ғылым саласына салынған инвестиция көлемі алты еседен асты. Елімізде зерттеу университеттері көбеюде, олардың нақты өндіріспен байланысы нығайып жатыр. Үкіметтің мәліметі бойынша, қазір 200-ден аса коммерциялық жоба қолға алынды. Осылайша, «Университет – зерттеу – инновация – коммерция» экожүйесі біртіндеп пайда болып жатыр. Ғылым қалашықтары салынып, технология парктері және инжиниринг орталықтарының құрылысы басталды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?