Атырауда Қазақстан Премьер-Министрінің басшылығымен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және олардың салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың көшпелі отырысы өтті. Бейнеконференция режиміне облыс әкімдері мен министрлер де қосылды. ТЖ аймағынан 70 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 60 мыңнан көп мал басы қауіпсіз учаскелерге көшірілді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 12 мыңнан астам адам, 800 астам техника, 400 жуық су айдау және жүзу құралы жұмылдырылды.
Премьер-Министр Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігіне су басқан аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейтуді, ауыл шаруашылығы министрлігіне эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуді, ал әкімдіктерге эвакуациялық пункттерде халықты барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуді тапсырды. Қазір жалпы еліміз бойынша 15% аумақты қар басып жатыр. Елдегі су тасқыны жағдайы – Штабтың тұрақты бақылауында.
Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:
– Бақылауды күшейту керек. Бағаны заңсыз көтеру фактілерінің жолын кесу керек. Қазір бірқатар өңірлерде шығындарды өтеу және өтемақы төлеу жұмыстары басталды. Бұл жұмысты бюрократиясыз жүргізу қажет. Жедел жүргізейік. Әкімдер жағдайды ерекше бақылауда ұстасын