Қазақстан мен Швеция аграрлық ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Швеция аграрлық ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Швеция аграрлық ғылым, технологиялар, білім беру мен сауда бойынша өзара ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті. Осы мақсатта еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мен Егіншілік және өсімдік шаруашылығы институтының өкілдері жұмыс сапарымен Стокгольмге барды. Корольдіктің ауыл және орман шаруашылығы академиясындағы кездесу барысында тараптар агроөндірістік кешен саласында  өзара серіктестіктің әлеуетін қарастырды. Осылайша, бірлескен жас ғалымдарға арналған білім беру бағдарламаларын, тағылымдамалар мен сертификатталған курстарды іске қосу жоспарланып отыр. Сапар барысында екі елдің жоғары оқу орындары арасында әріптестік туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Жаңа келісімдердің аясында отандық университеттің түлектері - бакалавриат, магистранттар, докторанттар өздерінің оқуларын Швецияда жалғастыра алады. Осылайша, олар өз елінде алған білімдерін қорғау, оны Швецияда оқытылатын академиялық біліммен толықтыру, сондай-ақ қос диплом иегері атану мүмкіндігіне ие болады. Бұдан басқа, Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен қызығушылық танытып отырған швед бизнесімен бірқатар кездесулер өткізілді. Мәселен, машина жасау бойынша Väderstad компаниясымен Қазақстан аумағында көлік құрастыру өндірісін оқшаулау жөніндегі нақты ұсыныстар талқыланды.

Сондай-ақ, қазақстандық делегация Швецияның ауыл шаруашылығы ғылымдары университетінде болып, ондағы зерттеу полигондары және өндірістік алаңдармен танысты. Тараптар тұқым өңдеу мен мал шаруашылығындағы роботтандырудың озық технологияларымен алмасу мүмкіндіктерін талқылады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?