Еліміздің Сауда және интеграция министрлігінің мәліметі бойынша, жеткізілімдегі тауар позициясында балық өнімдері, бал және уылдырық бар. Айта кету керек, екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы бір жарым миллиард долларға жуықтаған. Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 6 % астамға артқан. Инвестицияларға келетін болсақ, Швейцария Нидерланд мен АҚШ-тан кейін Қазақстандағы ТОП-3 инвесторлардың қатарында. 2005 жылдан бері Швейцарияның елімізге құйған тікелей инвестициясының көлемі 31 миллиард доллардан асты.