Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқылауға шығарылды. Жаңартылған Ата заң жобасының мәтіні «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдарында, сондай-ақ Конституциялық Соттың ресми сайтында жарияланды. Оны арнайы құрылған Конституциялық реформа жөніндегі комиссия әзірледі. Оның құрамына депутаттар, құқықтанушылар, қоғам өкілдері мен сарапшыларды қоса алғанда барлығы 120 адам кірді. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылауларды жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде пайда болды. Бұл түзетулер Конституцияның барлық бөлімдеріне және 77 бабына қатысты, яғни Негізгі заңның жалпы мәтіннің 84% қамтыды. Осылайша жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді. Сондай-ақ бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде белгіленді. Ал Егемендік пен Тәуелсіздік, біртұтастық, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылды. Ең маңызды жаңалықтардың бірі - кеңейтілген өкілеттіктері бар бір палаталы Құрылтай құру. Сонымен қатар Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілген. Ата Заңымыздың жаңа мәтінінің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталды. Бұл мемлекеттің болашағы ел азаматтарының жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс. Жалпы, Конституцияның жаңа редакциясының алғашқы жобасында Преамбула, 11 бөлім және 95 бап бекіту ұсынылды. Оларды қабылдау e-Otinish және eGov порталдары арқылы жалғасып жатыр. Жаңа Конституция бойынша нақты шешімді қазақстандықтар жалпыұлттық референдумда қабылдайды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?