Қ.Тоқаев Еуропалық инвестициялық банк өкілдерімен келіссөздер өткізді

Қ.Тоқаев Еуропалық инвестициялық банк өкілдерімен келіссөздер өткізді

Қазақстан Президенті Еуропалық Одақпен ынтымақтастық аясын кеңейтуді жалғастыруда. Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі еурокомиссар Марош Шефчовичпен, Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайспен және Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Марек Морамен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы сапар аясында келісімдер мен меморандумдарға қол қойылуы еуропалық бизнестің Қазақстан экономикасына деген сенімін байқататынын жеткізді. Марош Шефчович  Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті. Тараптар ортақ бастамаларды жалғастыруға уағдаласты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?