Қазақстан астығы енді Мысыр және Араб елдеріне экспортталады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты. Министрдің сөзінше, қазір жаңа нарықтар ашылып жатыр. Ал қамбада астық әлі көп дейді ол. Қор 20 миллион тоннаға жуықтайтын көрінеді. Оның 12 миллионы экспортталады. Ал бүгінге дейін 5 миллион тоннаға тарта өнім шетелге жөнелтілген.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Жаңа нарықтар ашылып жатыр, қазір Ресей арқылы да, Балтық елдері арқылы да
экспортты жүзеге асырып жатырмыз. Қосымша, Мысыр, Араб мемлекеттеріне жаңа
нарық ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Сол жаққа келісімшартқа отыру үшін ақпанның
17-сі күні жұмыс сапарымен жүреміз.

