Қазақстан ресми Starlink-ке қосылды

Қазақстан ресми Starlink-ке қосылды

Қазақстанда Starlink интернетін пайдалану қызметі ресми іске қосылды. Төмен орбиталы спутниктер елдің ең шалғай өңірлерінде де жоғары жылдамдықты және тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Кез келген адам спутниктік интернетке қосыла алады. Министрліктің мәліметінше, интернеттің орташа жылдамдығы секундына шамамен 100 мегабитті құрайды, алайда ол ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, республикадағы Starlink тестілеуі 2024 жылдың ақпанында басталды. Алғашқы құрал-жабдықтар Ақмола және Түркістан облыстарының ауылдық мектептеріне берілді. Айта кетейік, Қазақстан Орталық Азияда Starlink-ті іске қосқан алғашқы ел.

Досжан Мұсалиев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

- Біз министрлік ретінде Қазақстан халқын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеудеміз. Бірақ желіні жүргізу қиын, тиімсіз немесе іс жүзінде мүмкін емес жерлер бар.Осындай мәселелер туындағанда Starlink компаниясы шешім ұсынады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?