Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі, ІІМ
қызметкерлеріне пәтер кілтін табыстады. Мемлекет басшысы Ақордада өткен
салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау стратегиялық маңызы
айрықша міндет екеніне назар аударды. Президент жауапты әрі күрделі қызметте
жүрген мамандарға шынайы ризашылығын білдіріп, мінсіз қызмет қашанда жоғары бағалануға тиіс
екенін атап өтті.

