Астанада Digital Bridge халықаралық форумында 30-дан астам меморандумға қол қойылып, өзара ықпалдастықтың жаңа бағыттарына қол жеткізілді. Айта кетейік бұл Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық жиын. Биыл іс-шара әлемнің 30 елінен 30 мыңнан астам инвесторлар, сарапшылар, стартаптар мен IT-компаниялардың өкілдерінің басын қосты. Пленарлық отырыста Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі еліміз үшін маңызды жобаларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысқа толықтай ашық екенін атап өтті. Үкімет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген ел дамуының басым бағыты екенін тілге тиек етті.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Қазіргі таңда экожүйенің
инфрақұрылымы үздіксіз кеңейіп жатыр. Білім беру ресурстары барлық азаматтарға
қолжетімді. 20 жоғары оқу орнында жасанды интеллект бағдарламалары іске
қосылған. Шамамен 500 мың адам жасанды интеллект негіздері, оның ішінде AI
Qyzmet, AI Sana, Tomorrow school, QazCoders сияқты бағдарламалар бойынша білім
алуда. Сондай-ақ институтционалдық жұмысқа да айрықша көңіл бөлінуде. Бүгінде Қазақстан «электрондық үкіметті»
дамыту бойынша әлемде 24-ші, онлайн қызметтер бойынша 10-шы орында тұр.
Сондай-ақ, Digital Bridge Awards байқауының
жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Олжас Бектенов үздік жобаларға жүлде
табыс етті. Сондай-ақ,
ол отандық IT-компаниялар
мен стартап иелері өз әзірлемелерін ұсынған цифрлық шешімдер көрмесімен танысты.
Нұрасыл Жарбасов, Өнертапқыш:
- Қазақстанда жасалған дачиктеріміз
мұнай ұңғымасын тиімді және өнімді түрде оңтайлы жүйені жұмыс жасатуға
мүмкіндік береді. Бұл VANGUARD - AI жүйесі және оның ішіндегі барлық
микропроцессрлар оңай қондырылады мұнай қондырғыларына, барлық ұңғымаларға. Қазіргі
таңда мақтан тұтатын нәрсеміз АҚШ-та екі компаниямен келісімшартқа қол қойылып,
осы жүйе қолданылып отыр.

