Президент архивіндегі тарихи маңызы бар 30 миллионға жуық
қағаз бетіндегі жазба цифрлық нұсқаға көшірілді. Биыл еліміздің деректі мұра
қоймасы Алатау бөктерінен Арқа төсіне көшірілді. Мұрағат материалдарды қалпына
келтіру және цифрлау үшін қажетті соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған.
Ескірген құжаттар арнайы зертханада қалпына келтіріледі. Реставраторлар маңызды
тарихи мәліметтерді жаңалау үшін әрбір шаршы миллиметрмен мұқият жұмыс істейді.
Қазір мамандар өткен ғасырдың 20-50 жылдарына тиесілі құжаттарды қалпына
келтіруде.
Данагүл Төлегенова, ҚР Президенті мұрағатының 1-ші
санаттағы архивисті:
- Классикалық реставрация тәсілі кезінде біз өшіріліп
кеткен аумақты көру үшін жарығы бар үстелді пайдаланамыз. Кейін біз жапон
қағазын аламыз, жыртылып кеткен жағдайда оның зақымданған аумағына өте жақын
талшықтары бар. Осылайша, жоғалған аумақты жабуға болады және ол құжат мүлдем
зақым көрмегендей болып көрінеді.
Құжаттарды қайта қалыпқа келтіру – ұзақ әрі күрделі
процесс. Бір құжатты бүлдіріп алу – тарихты өшіргенмен тең. Сондықтан Президент
мұрағатының жаңа ғимаратында бәрі ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған – құнды
құжаттарды сақтауға арналған, температуралық режимі 17-19 градус және 50%
ылғалдықта болуы қатаң бақыланатын 24
заманауи сақтау қоймасы бар
Ғауһар Бекішева, ҚР Президенті мұрағатының сақталым мен
мемлекеттік есеп қызметінің басшысы:
– Бұл жерде мұндай микроклимат автоматты түрде сақталады - қағаз құжаттар үшін бұл әртүрлі зеңнің, саңырауқұлақтың, ылғалдың және т.б. пайда болуын болдырмайды. Сондай-ақ, биыл пайдалану мен сақтауға өте ыңғайлы мұрағат қораптарының жаңа форматын сатып алдық. Өйткені мұнда қораптың өзі шаң тартады, жаңа қорап антистатикпен өңделген. Қағаз тасымалдағыштағы құжатқа физикалық жанасу оның ескіруіне, физикалық тозуына әкеледі, ал егер біз барлық құжаттарды сандық форматқа көшірсек, бұл құжаттың өмірін ұзартады.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев мұрағаттарды цифрландыруға ерекше көңіл
бөледі. Наурыз айында өткен Ұлттық құрылтай отырысында Президент елдің
мәдениеті мен мұрасын жаһандық цифрлық кеңістікте танымал етуге негіз болатын
Ұлттық сандық мұрағат құру қажеттігі туралы мәлімдеді. Ал сәуір айында мемлекет
басшысы жобаны іске асыру жоспарын бекітті.

