Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы
Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесуде ЕАЭО қазіргі жай-күйі мен одан әрі
даму әлеуеті талқыланды. Әңгімелесу кезінде Қазақстанның 2026 жылы аталған Ұйымға
төрағалығы аясында атқаратын жұмыстарының басымдықтарына ерекше назар
аударылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысына биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербург
қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы
туралы ақпарат берілді.

