Қазақстан
Президенті Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы
істер министрі Петер Сийяртоны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев елдер арасындағы стратегиялық
серіктестік және былтыр Будапешт қаласына жасаған мемлекеттік сапары аясында
қол қойылған келісімдердің жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Оның сөзінше өзара байланыс одан әрі тереңдей түспек. Өз кезегінде мажарлық
дипломат Астанаға сапары кезінде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген
уағдаластықтардың түрлі аспектілерін іске асыру жағдайын Қазақстанның салалық
министрліктермен талқылайтынын айтты. Тараптар энергетика және банк
секторларындағы өзара тиімді байланысты кеңейтуге ерекше мән берді. Кездесу
соңында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мажар қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі
үшін Петер Сийяртоны ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

