Президент
Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаев Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық Президент Франк-Вальтер
Штайнмайермен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ тағы да басқа шаралар жоспарланған.
Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының
кездесуіне қатысады деп күтілуде. Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы
халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның
іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.