Қ. Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысын қабылдады

Қ. Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысын қабылдады

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысымен кездесті. Шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Иса Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ішкі және сыртқы саясатта дінаралық, сондай-ақ мәдениетаралық келісімді сақтауға ерекше мән беретінін ерекше атап өтті. 22 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі осының айқын көрінісі. Өз кезегінде Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы съезді адамгершілік құндылықтарын дәріптейтін ерекше пікір алмасу алаңы ретінде жоғары бағалайтынын жеткізді. Қазақстан Президенті әлемдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға және ислам өркениетін кеңінен танытуға қосқан елеулі үлесі үшін жоғары мәртебелі мейманды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?