Құрылтай 23 конституциялық өкілеттік алады

Құрылтай 23 конституциялық өкілеттік алады

Конституциялық реформа Қазақстанның саяси жаңғыруының маңызды белесіне айналмақ. Оның басты міндеті - Парламенттің өкілеттігі кеңейтіліп, мемлекеттік институттардың қоғамға есептілігі күшейетін неғұрлым теңгерімді билік жүйесін қалыптастыру. Мемлекетті басқарудың жаңа архитектурасына енген өзгерістер туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, конституциялық комиссияның мүшесі Айдос Сарым пікір білдірді. Оның айтуынша, реформаның негізгі элементтерінің бірі - жаңартылған парламенттік институт ретінде Құрылтай функциясын едәуір кеңейту. Осылайша, еліміздің қолданыстағы Ата заңының 53-бабында Парламенттің 13 өкілеттігі бекітілсе, жаңа редакцияда олардың саны 23-ке дейін ұлғаяды. Мәжілісмен атап өткендей, бұл болашақ саяси модельге енгізілетін түбегейлі өзгерістердің негізі болмақ.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі:

- Біз айналысатын мәселелер ауқымы кеңейеді. Айталық, бұрын парламенттің қызметі екіге бөлінген болатын. Мысалы, Ұлттық банк басшыларын тағайындау, олардың есептері Сенатта өтті. Барлық мәселелер сол жерде талқыланады. Бұдан былай, осы міндеттердің барлығы Құрылтайға жүктеледі. Тиісінше, Комитеттер мен жұмыс топтарының рөлі күшейтіледі. Жалпы, процедуралық мәселелерде көптеген өзгеріс орын алады деп ойлаймын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?