Сарапшылар: Қазақстан Президенті елдің 2026 жылға даму бағдарын айқындады

Сарапшылар: Қазақстан Президенті елдің 2026 жылға даму бағдарын айқындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбаты жаңа саяси жылдың бастауы және елдің бағыт-бағдарын айқындады. Яғни, дамудың даңғыл жолына жол сілтеді. Қазақстан қоғамдық даму институтының Басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова осындай пікірімен бөлісті. Оның пайымынша, сұхбат қазақстандықтарға елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың мән-маңызын ашып, қоғамға нақты диалог құруға мүмкіндік берді. Себебі жоспар айқын. Қазақстан биыл жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты.

Жұлдызай Ысқақова, «Қазақстан қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы:

- Менің назарымды ең алдымен не қызықтырды? Бәлкім, Президенттің елдегі саяси реформалар жүргізу ниетінің маңыздылығын айқындағаны болар. Еске түсірсек, өткен жылдан бастап жаңа салық кодексі бойынша жұмыс басталды. Бұл бюджеттік тәртіптің жаңа кезеңі. Бұл тарифтік саясаттың өзгеруіне әкеледі. Бұл саяси реформалар туралы жариялау әрекеті. Және, менің ойымша, Президент сұхбатында айтқан маңызды мәселе, барлық реформалардың ортақ мақсатқа бағытталуы.

Цифрлық технологиялар қосымша құрал емес, қажеттілікке айналды. Жасанды интеллект келіссөздер жүргізеді, нейрондық желілер дизайн жасайды. Ал роботтар жол салып, ақылды құрылғылар секундтарда миллиондаған деректерді талдайды. Биология ғылымдарының докторы, профессор Күнсұлу Закарияның айтуынша, Қазақстан дәл қазір технологиялық өзгерістердің жылдамдығына, экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне, инвестиция тартуға  және халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететін кезеңде тұр. Сондықтан мемлекет білімді дамытуға, инновацияны енгізуге және өндіріс пен басқару жүйесін жаңартуға назар аударуы керек дейді.

Күнсұлу Закария, Биология ғылымдарының докторы, профессор:

- Макензидің 2025-ші жылғы есебінде әлемдік ЖІӨ 60% астамы қазірдің өзінде цифрлық технологияларға тәуелді екені көрсетілген. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Макензидің есебі біздің  Мемлекет басшымыздың үлкен стратегиялық бағытының тағы бір дәледі. Әлем өте жылдам қарқынмен өзгеруде. «Болашақ келеді» деу әлдеқашан мағынасын жоғалтты.  Болашақ келді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?