Қасым-Жомарт
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған
орынбасарлары Дмитрий Останькович пен Расул Ахметовті қабылдап, қызметтеріне
табыс тіледі. Президент
қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған
мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісінде бірегей құрылымның ерекше рөл атқаратынын
атап өтті. Кездесу
барысында Ассамблеяның алдағы XXXIV сессиясына дайындық барысы және аталған
институттың 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берілді.

