Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады

Қазақстанда жыл басынан бері қылмыс саны 5 жарым мыңға жуық азайған. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдің ішкі істер министрі Ержан Сәденов баяндады. Ол сондай-ақ қылмыстың ізін суытпай ашу деңгейі жақсарғанын жеткізді. Алдын алу жұмыстарының нәтижесінде тұрмыстық сипаттағы қылмыс саны төмендеген. Интернет-алаяқтықпен күрес бағытында шамамен 83 млн фрод-қоңырау бұғатталды. Сондай-ақ, алаяқтардың 2,3 млрд теңге қаражатты елден шығаруына тосқауыл қойылды. Кездесу соңында Президент елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?