Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттерді зардап шеккен Палестинаның тұрғындарына азық-түлікпен көмек көрсету үшін осы Ұйымның қаржы жинау бастамасын қолдауға шақырды. Еліміздің Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының кезектен тыс Саммитінде осылай мәлімдеді.
Сонымен қатар, Мұрат Нұртілеу қатысушыларды Таяу Шығыстағы жанжалдарды тезірек реттеуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуге үндеді. Голан шыңдарында, Ливанда және әлемнің басқа аймақтарындағы БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларының маңызды рөлін естен шығармау керектігін ерекше атап өтті.
Жеңіс Ермұқанов.