Қазақстанда енді бір фармацевтикалық зауыт пайда болады. Өндіріс ошағын Алматы өңірінде салу жоспарланған. Нысан толықтай жеке инвостарлардың қаржысына бой көтереді. Жобаны жүзеге асыруға жалпы көлемі 32,5 млрд теңге құйылмақ. Толық циклді биофармацевтикалық кешенде дәрі-дәрмектің 20 түрін шығару көзделіп отыр. Олардың ішінде онкологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған және заманауи иммунобиологиялық препараттар бар. Жоба аясында ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіледі. Мамандарды оқыту, біліктілігін арттыру жүйесі құрылады. Зауыт 2031 жылы іске қосылады деп жоспарланған.
Тимур Мұратов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі
- Дәрілік заттардың өндірісі GMP халықаралық
стандарттарына сай болады және дәрілерді ел ішінде өндіруге мүмкіндік береді.
Осылайша, аталған жобаны санағанда қазір 8 ірі фармацевтикалық жоба жүзеге
асырылуда. Жалпы инвестиция көлемі 391 млрд теңгеден асады. Бұл жүздеген дәрі
түрін шығаруға, мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

