Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарындағы миссиясын сәтті аяқтады. Отандық
әскери қызметшілердің бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесіне халықаралық
қоғамдастық тарапынан жоғары баға берілді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысына Қорғаныс
министрі Дәурен Қосанов баяндады. Сондай-ақ ол Голан жоталарына үшінші ұлттық
контингенттің аттанғанын жеткізді. Министр жауынгерлік даярлық, цифрлық
шешімдерді енгізу және «Батыл тойтарыс» оқу-жаттығуларына әзірлік барысы туралы
мәлімет берді. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, атап айтқанда,
21-27 маусым аралығында Бурабайда «Айбын – 2026» халықаралық әскери-патриоттық
жастар жиынын өткізуге дайындық мәселелеріне назар аударылды. Кездесу
қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев жауынгерлік даярлық жүйесін
жетілдіруге, армияны цифрлық тұрғыдан трансформациялауға бағытталған бірқатар
міндет жүктеді.

