Қазақстанда ең ірі қант зауыты салынады. Ол Атырау қаласында бой түземек. Жобаға қытайлық компания қызығушылық білдіріп, инвестиция құюға мүдделік танытып отыр. Қазір тараптардың бұл ниеттерін іске асыру қамында екі жақты келіссөздер жүріп жатыр. Жоспарға сай кәсіпорын қызылшадан қант пен тағы да төрт түрлі өнімді нарыққа шығармақ. Осылайша, жылына 144 мың тонна шекер өндіретін зауытты 2026 жылы іске қосу межеленген.
Лина Тайкен, Компания басшысы:
- Осы бағытта біз жан-жақты келіссөздер жүргіздік. Инвестициялық жоба болғандықтан шетелдік және қазақстандық келесі кезекте жұмыс жасайтын әріптестерімізбен келісімдер жүргізілді. Осы мақсатта бір жыл 5 ай ішінде Атырау облысындағы қант өндірісі, қанттың ішкі қажеттілігін шешеміз деген ойдамыз.

