Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады. Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстан Президенті ресми сапармен Қазақстанға келген болатын.
Концертте «Астана опера» әртістері, «Гүлдер», «Астана сазы» және Қырғыз елінің «Аркасыры» ансамбльдері сияқты екі елдің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Бағдарлама аясында «Манас» эпосынан үзінді оқылып, қос халыққа кең тараған әндер мен күйлер орындалды.
Сонымен қатар концертті Қырғызстанның ресми делегациясы мүшелері мен зиялы қауым өкілдері тамашалады.