Алакөл жағалауының туристік аумағы 10 есе ұлғаяды

Алакөл жағалауының туристік аумағы 10 есе ұлғаяды

Биыл Алакөл жағалауын дамытуға 10 млрд теңге бөлінді. Қаражат инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, сондай-ақ цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталмақ. Бұған қоса туристік аумақты 10 есе, яғни 3 мың гектарға дейін ұлғайту және өткізу қабілетін тәулігіне 75 мың туриске дейін арттыру көзделіп отыр. Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында өңірдің туристік әлеуетін дамыту жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысымен танысты. Сондай-ақ Үкімет басшысы Семей қаласының әкімшілік іскерлік орталығын дамыту жобаларын көрді. Оның жалпы ауданы 1 мың гектардан асады. Мұнда әлеуметтік және іскерлік инфрақұрылымы дамыған жаңа заманауи тұрғын үй ауданын құру межеленіп отыр. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?