Мемлекеттік кеңесші мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде кеңес өткізді

Мемлекеттік кеңесші мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде кеңес өткізді

Жалпыұлттық құндылықтарға негізделген «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы білім беру мекемелерін, соның ішінде жекеменшік мектептерді де толық қамтуға тиіс. Мемлекеттік кеңесші осы жөнінде жиын өткізді. Ерлан Қарин білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру үшін қолданыстағы тәсілдерді жетілдірудің өзекті екеніне назар аударды. Ол ведомстволар арасындағы тығыз байланыс пен ұстаздарды әдістемелік тұрғыдан тұрақты түрде сүйемелдеу тәрбие жұмысының сапасын арттыратынын айтты. Сондай-ақ, бұл іске ата-аналар қауымдастығын жұмылдырудың маңызына тоқталды. Ерлан Қарин жиын қорытындысы бойынша аталған міндеттерді ұтымды ұйымдастыру мақсатында Оқу-ағарту министрлігіне нақты тапсырмалар берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?